Толеген Аружан Толенкызы : другие произведения.

Мен мекен еткен қала - шаһарлардың төресi

Самиздат: [Регистрация] [Найти] [Рейтинги] [Обсуждения] [Новинки] [Обзоры] [Помощь|Техвопросы]
Ссылки:
Школа кожевенного мастерства: сумки, ремни своими руками
 Ваша оценка:

   Мен мекен еткен қала - шаһарлардың төресi
   Айналайын! Атамекен,Ақ мекен!
   Қандай қазақ iздеп сенi тапты екен?!
   Туған өлке тәттi екен ғой!
   Тәттi екен! - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлап кеткендей, кiндiк қаның тамған жерден асқан бағалы нәрсе жоқ шығар, сiрә! Мен жарық дүние есiгiн ашқан сәтiмнен бастап, арман қала - Алматыда тұрып келемiн. Алматы ауыз толтырып мақтауға әбден лайықты қала.
   Мың жыл... Иә,иә, мың жыл! Менiң қалам - осыншама ұзақ уақыт бойы өмiр сүрiп келе жатқан , көне де тарихи шаһар. Қыдырам десеңiз, осында жол тартыңыз! Тарих парақтарындда айрықша орын алатын "Қазақстан" қонақ үйi, Республика саайы, Мұхтар Әуезов атындағы театр, Цирк секiлдi мәдениет орындарының ошағы осы емеспе?! Небiр таңғажайып мұражайлар мен ескерткiштердiң ордасы да - Алматы. Сауда үйлерi, көңiл-көтеру, ойын-сауық кешендерiн айтпаса белгiлi.
   Иә,қаламыздың экологиясына қатысты сын айтылып жатады. Алайда,шын сөзiм,оның кереметi бұндай кемшiлiктi лезде-ақ ұмыттырып жiбередi.Бой сергiтiп, демалуды қаласаңыз сұлу қала әр кез құшағын айқара ашып қ алмақ. "Жетiсу - жер жәннаты", - деген де бекер айтылмаған ғой. Күн шуағы күлiмдеген жаз күндерi Алма-арасан, Түрген, Қайыңды сынды Алатау бөктерiнде сейiл құрғанға не жетсiн! Америкадан өзге, жер жүзiнде тек Алматыда ғана бар Шарын шатқалының ғажайыбын елестетiңiзшi! Айналаны үлпiлдеген аппақ қар жамылған қыс күндерi де туристтердi Шымбұлақ пен Медеу елiктiрмй қоймас. Айтпақшы, биылғы жылы XXVIII қысқы Универсиада ойындарын өткiзу Алматы қаласына жүктелдi.Дүниежүзiнiң әр түкпiрiнен келген 58 мемлекеттiң өкiлдерi ұшақ қонған сәттен-ақ қалама ғашық болары сөзсiз.
   Алматы- миллионер қала, жер көлемi де үлкен. Медицина, өнер, география, қай саладан қарасақ та Алманың Отаны күн санап даму үстiнде. ...Лондон - тарихи қала, Париж - ғашықтардың мекенi болса, Алматы - бұлардан да басып озған Ұлы қала. Егер жаза берсем, сөз де, дәптер де таусылар. Өз ойымды Әбдiлдә Тәжiбаевтың мына өлең шумақтарымен қорытындылайын:
   Алматымыз - астанасы қазақтың,
   Тұрамын мен сол қаланың өзiнде.
   Рим да емес ол, Париж да емес мақтаулы.
   Ұқсасы жоқ бүкiлдүние жүзiнде.
   Қала емес ол - сiздер көрген достарым,
   Суретi оның басқалардан өзгерек.
   Жырлау үшiн оның жерiн,аспанын,
   Ескiрмеген,естiлмеген сөз керек!
  
  
  
  
  
  
 Ваша оценка:

Связаться с программистом сайта.

Новые книги авторов СИ, вышедшие из печати:
О.Болдырева "Крадуш. Чужие души" М.Николаев "Вторжение на Землю"

Как попасть в этoт список

Кожевенное мастерство | Сайт "Художники" | Доска об'явлений "Книги"